Қатты музыкадан оянған павлодарлықтар полиция шақырды

Түнгі сағат шамамен 01:30-да Сәтбаев көшесі, 59-үйдің тұрғындары 102 нөміріне қоңырау шалып, шағымданған. Олардың айтуынша, белгісіз адамдар көлікте музыканы барынша қатты дауыспен қосқан, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Сол түні Лермонтов, Қамзин және Горький көшелеріндегі үйлердің тұрғындарынан да осындай қоңыраулар түскен.

 

– Барлық дерек бойынша тыныштықты бұзған азаматтарға келген полиция қызметкерлері хаттама толтырып, айыппұл салды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және тұрғындардың түнгі тыныштығын құрметтеу қажеттігін түсіндірді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Жыл басынан бері Павлодар облысында тыныштықты бұзғаны үшін 4 847 адам жауапкершілікке тартылған.