Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ
22 шілде 2021, 17:39
392
Павлодарлықтар қоқыс контейнерлері жанындағы ірі көлемдегі тұрмыстық қалдықтарға шағымдануда
Жаз мезгілінде пәтерлерде жөндеу жұмыстары көбейеді. Аулаларда ескі жиһаздар, қаптарға толы құрылыс қалдықтары кейбір мекенжайларда бірнеше апта жатады екен. Қала әкімдігінде Павлодардан ірі көлемді қоқыс шығарумен «Горкомхоз» мердігерлік ұйымы айналысатыны туралы айтты. Бүгінде бригадалар Сарыарқа мөлтек ауданынын тазалауда.
22 шілде 2021, 17:08
288
Алаяққа алданып қалмаңыз!
Павлодарда алаяқтар банк клиенттерін шабуылдауда. Алаяқтықтың ең көп тараған түрі – телефон арқылы. Салымшыларға немесе карта ұстаушыларға қаржы институтының қауіпсіздік қызметіненбіз деп хабарласып ақшаны заңсыз шешу әрекеті болғаны туралы ескертеді. Зиянкестер психологиялық әдістерді де пайдаланады.
22 шілде 2021, 15:38
367
Екібастұз қаласының ТҮКШ бөлімі басшысын пара сұрап бопсалағаны үшін алты жылға темір торға қамады
Мускеновты бұл лауазымға 2018 жылдың қараша айында тағайындаған. Жолды жөндеген кәсіпкер ол кезде жұмысын аяқтаған. Бюджеттен 200 млн теңгеден астам алған, енді 39-ын алуы керек болған. Сол үшін күрес басталған. Қаланың бас коммуналшысы бизнесменді алақол мердігер деп тану үшін сотқа берген. Алайда жоғары инстанция арқылы ол ештеме дәлелдей алмаған. Сол кезде тікелей 10 млн теңге сұраған. Кәсіпкер болса бірден ҰҚК жүгініп, тергеу басталып кеткен. Ер адам шенеунікке 8,5 млн теңге берген кезде ТҮКШ бөлімі басшысын ұстады. Сотта ол кінәсін толық мойындамады.
22 шілде 2021, 15:20
292
Жөндеу жұмыстарынан соң сол аумақты қалпына келтірмеген алпауытқа айыппұл салынды
Жыл басынан қазу жұмыстарын орындау бойынша коммуналшылар жалпы 551 рұқсат қағазын берген. Аптасына бірнеше рет ұйымдастырылатын рейд кезінде жергілікті атқарушы органмен келісімінсіз жер қазғандар анықталып, 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы тексерісте абаттандыруды уақытында жүргізбеген учаскілер анықталды.
22 шілде 2021, 09:10
291
Павлодарда жылу энергиясы өндірісі тарифтері төмендетілді
Жергілікті табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті жылу энергиясын өндіруші павлодарлық алпауыт ұйымының 2020 жылға арналған тарифтік сметасының орындалуы туралы есебіне талдау жасап, тарифтерді күрт төмендетуге қомақты себептерді анықтады.
21 шілде 2021, 16:03
468
Жерлестеріміз шетелден гөрі ел ішінде демалғанды құп көреді
Шілде айында павлодарлық туристік компанияға хабарласып жатқандар аз емес. Өткен жылмен салыстыруға келмейді. Демалушылар үшін Египет, Түркия бағыттары қолжетімді. Дегенмен жерлестерімізді шетелдік турлар емес, қазақстандық курорттар қызықтырады екен.
19 шілде 2021, 17:30
477
Ең үздік аула
Қайнылқаят Тәліпқызы Майра көшесіндегі №33-үйде 91 жылдан тұрып келеді. Зейнеткер басқа біреуден көмек күтпей көпқабаттыны абаттандырумен өзі айналысуда. Аулада түрлі сұрыптағы гүлдер отырғызылған. Кіреберіс сырланған, іші үнемі таза. Зейнеткердің айтуынша, барлығы адамдардың бірлігі арқасында.
19 шілде 2021, 16:31
491
Алопециямен толыққанды өмір сүруге болады
Алопеция диагнозымен өмір сүру қалыпты жағдай. Бүгінгі шараға жиналғандардың ұраны бір. Айтуларынша шашы түсіп қалған әйелдер, тіпті балалар қоғамда көптеген қиындыққа кездеседі. Кристина Чеботкова бүкіл Қазақстан бойынша нәзік жандыларды осындай әлеуметтік фото түсірілімге жинауды үш жыл бойы армандап келген.
19 шілде 2021, 16:28
414
Вакцинация мен «Ashyq» жобас арқылы жұмыс істеу ең дұрыс шешім
Карантиндік талаптардың күшейтілуі енді ғана есін жиып келе жатқан бизнес нысандарының жұмысында қайта қиындық туғызуда. Сол себепті кәсіпкерлер палатасы эпидахуалға байланысты жеңілдік жасау алгоритмдерін ұсынды.
19 шілде 2021, 16:20
351
Облыс құрамаларының спортшылары бодибилдингте жоғары нәтижеге қол жеткізді
Пандемия салдарынан спортшылардың көбісі үйде дайындалған болатын. Алматы қаласындағы жарыста павлодарлықтар барлығын таң қалдырды. Елдің үздік атлеттері Қазақстан кубогінің үздігін анықтады. Ангелина Малеева бірнеше жыл бойы 5-ші орында болған. Қазір «Фитнес-бикини» тәртіптемесінде қоланы місе тұтты.

Сауалнама