Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ
14 шілде 2021, 17:45
355
1000 теңгеліктің барлығы жарамды
Ұлттық Банк қызметкерлерінің айтуынша түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік "Kүлтегін" банкноты әлі күнге дейін заңды төлем құралы болып табылады. Банкнотты қабылдаудан бас тартқан сауда нүктелеріне ескертуден бастап 145 мың тг дейінгі айыппұл салынуы мүмкін.
14 шілде 2021, 17:29
377
Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Павлодар облысында шілденің 15-нен бастап карантин қатаңдатылады. Республикалық ведомствааралық комиисия отырысынан кейін осындай шешім қабылдаған. Шектеулер негізінен бизнес нысандарына қатысты. Алдағы демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Тек саяжайға баратын бағыттарға рұқсат етіледі. Ірі сауда үйлерінде киім сатуға тыйым салынады. Азық түлік сатпайтын дүкендердің алаңы 2 мың шаршы метрге дейін болса ғана жұмыс істей алады. Жай күндері шектеулер аз.
14 шілде 2021, 17:10
381
«Майдан жолы» жасағы Молдова еліне жол тартады
Молдованы жаудан босату шайқастарына Қазақстан аумағында құрылған әскери жасақтар қатысқан. Майдан алаңында ерекше көзге түсіп, жоғары лауазым алғандар қатарында біздің жерлесіміз Қанаш Қамзин да бар дейді «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.
13 шілде 2021, 15:44
333
Кейде материалдық шығынның төленуін 10-15 жыл күтуге тура келеді
Бүгін Павлодар қалалық сотында бұл деректі растады. Естеріңізге сала кетейін, алаяқтардан пәтер сатып алған павлодарлық әйелдің ісі бойынша үкім шыққан болатын. Алаяқтардың бірін темір торға қамаса, екеуіне шартты жаза берді. Әйел тек куәгер ретінде танылып, нәтижесінде қашан баспанадан қуып шығады деп күтіп отыр. Бүгін қылмыстық сотта әйел азаматтық тәртіпте материалдық шығын алуға қуыным бере алады деді. Алайда Мақпал Мейрамова әрі қарай сот табалдырығын тоздыруға күшім қалмады деген болатын. Қалалық сотта ол туралы жауап берді.
13 шілде 2021, 15:31
317
Жасыбайда демалу қолжетімді
Қанат Кәрімов Жасыбай көлінің жағасында демалушылар үшін барлық жағдай жасалған деп мәлімдеді. Тамақтану орындары адамдарды «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдайды. Жазғы демалысты жайлы өткізгісі келетін жандар үшін түрлі сомадағы бөлмелер мен үйлер ұсынылған.
13 шілде 2021, 15:19
269
Қалалық жағалауда жөндеу жұмыстары басталды
Саябақтарды ретке келтіру жұмыстары 1 шілдеде басталды. Павлодарда олардың саны 43. Мердігерлік ұйымның 15 жұмыскері күнделікті орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, архитектуралық формаларды ретке келтірумен айналысады. Қазіргі таңда коммуналшылар орталық жағажайдағы архитектуралық мүсіндер мен нысандарды жөндеуде.
13 шілде 2021, 15:12
294
«Ashyq» және бизнес
Павлодар өңірі коронавирустың таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа кірген сәттен бастап шектеу шаралары күшейді. Сәйкесінше кәсібің дөңгелеткісі келетін кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қосылуға асықты. Жалпы облысымызда мұндай 602 бизнес нысаны тіркелген екен. Мәртебені тексеру жүйесі арқылы дертке шалдыққандарды анықтау көрсеткіші де артқан.
12 шілде 2021, 15:53
760
Асфальт орнына қиыршық тас
Екінші Павлодар тұрғындары үйге жету үшін алдын-ала бағдар әзірлейді. Себебі бірнеше көшеде қиыршық тас жатыр. Көлік жүргізушілері, арбасы бар аналар және қарттарға бұл жермен жүру нағыз сынаққа айналған. Жеке сектор тұрғындары асфальт қашан болатынын білгісі келеді. Қала әкімдігінде мәлімдегендей, қазір екінші Павлодар ауданында кәріз жүйесі құрылысының үшінші кезеңі жүргізілуде. Желі 10 мың метрді құрайды және 17 көшені қамтитын болады.
12 шілде 2021, 15:50
366
Алаяқтардан пәтер сатып алған әйел баспанадан қашан қуып шығады деп күтіп отыр
2019 жылы көптеген адам өз баспанасын алаяқтардан сатып алғанын білген болатын. Заңгерлер асығыс сотқа беріп, бастапқыда иесіз болған пәтерлерді қалалық әкімдікке қайтаруды талап етті. Мейрамовтар отбасысы Гагарин көшесіндегі пәтерді 5 млн 200 мың теңгеге сатып алған. Онкодиспансерге жақын болғандықтан осы ауданды таңдапты.
12 шілде 2021, 14:39
1178
Тазалықты өзіңнен баста!
Павлодарлық ару туған қаланың тазалығы үшін алаңдаулы. Зара Қазбекова салауатты өмір салтын ұстанып, күнделікті орталық жағажайда жүгіреді . Соңғы кездері қоқысқа жиі тап бола бастапты. Ару мәселеге бей жай қарамай, қолына қап алып, желаяқтармен бірге орталық жағажайда кішігірім сенбілік ұйымдастырды. Қолына қап алып, қоқыс жинады.

Сауалнама