Күзде астық құны көтерілуі мүмкін, сәйкесінше ұн өнімдері де қымбаттауы ықтимал. Әзірге бұл болжам ғана. Бидайлы алқабымен танылған Ертіс ауданында орақ науқаны басталды.
Павлодарлық футбол мектебінің 17 жасар тәрбиеленушісі Вячеслав Раскатов испаниялық «Кадис» клубының академиясына іріктеуден өтті. Жас дарын енді өз кәсіби мансабы мен оқуын шетелде жалғастырады.
Осы орайда ERG құрамына кіретін «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің 100-ге жуық мамандары марапатқа ие болды. Елдегі індетке байлынысты ауқымды шаралардан бас тартуға тура келсе де, кәсіпорын басшылығы өз шеберлерін атап өтудің ерекше жолын тапқан.
Молдова Республикасында фашизмнен азат ету атаулы күні, қазақстандық батыр-жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылған екен. Павлодарлық «Майдан жолы» жасағының іздеушілері көптеген қиындықтарды бастан кешіп, игі бастаманы жүзеге асыра білді.