Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ
19 шілде 2021, 16:10
305
Бетпердені шекарадан заңсыз өткізбекші болған
«Қосақ» өткізу пунктінде Қарағанды қаласынан Новосібірге бағыт алған жеке тұлғадан экспорттық бақылау жүргізу кезінде медициналық бетперделер анықталған. Жүргізушіге қатысты акт толтырылғанымен, әкімшілік жазаға тартылмайды. Мемлекеттік кіріс департаментінде бұл алғашқы жағдай емес дейді.
16 шілде 2021, 17:11
381
Коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты қосымша инфекциялық госпитальдар ашылды
Індет жұқтырғандар саны күрт артқандықтан аймағымызда қосымша емдеу орындары ашылды. Оның 210-ы үшінші қалалық аурухана негізінде болса, 150-і Зеленая рощадағы сауықтыру орталығында. Барлығы 360 кереует науқастарды қабылдауға дайын.
16 шілде 2021, 17:04
403
Зейнеткер әріптесіне бұрынғы реніш үшін оқ атты
Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Естеріңізге сала кетейін, осы жылдың ақпан айында Екібастұздың аулаларының бірінде адамдар оқ дауысын естіді. Таңғы сағат сегіздер шамасында бір ер адам екіншісіне оқ атады. Бүгін сотта оның себебі де белгілі болды. Анықталғандай олар бұрыннан таныс болған, әрі бірге жұмыс істеген. Осыдан отыз жыл бұрын айыпталушы өз құрбанынан таяқ жеген екен. Кейін өзі зейнетке шығып кетіп, таксист болып жүрген. Кейін өзінің ұлы дәл сол кәсіпорынға жұмысқа шығады. 2020 жылы ер адам айыпталушының ұлын да соққыға жығады. Бүгін сотталушы мен оны өлтіруді ойламадым деп ақталды. Сол күні аулада кезекті рет өзіне тіл тигізгенін көтере алмаған.
16 шілде 2021, 16:31
405
Демалыс күндері саяжайға дейін жүретін автобустар қалыпты маршрут бойынша қатынайды
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Автобустар саяжайға дейін ғана қатынайды. Бүгін әкімдікте жаңашылдықты түсіндірді. Отырған адамдар нақты қай бау-бақшаның күтіміне бара жатқаны тексерілмейді. Соңғы аялдама бағбаншылықтар болмақ. Сол себепті Кенжекөлге жүретін №24 автобус ауылға кірмей, соңғы аялдамада тоқтайды.
16 шілде 2021, 16:13
368
Дачный мөлтекауданы Қамзин көшесіндегі жол жөндеуін бір айға шегерді
Ладожская – Қамзин көшелерінің қиылысынан өткенде аса сақтық таныту қажет. Басқа жағдайда көліктің бөлшектері зақымдалып, шығынға батуға болады. Жол жабыны жартылай жаңа болса, бұрылыстан кейін шұңқырға толы күйде. Жергілікті тұрғындар бірнеше апта бойы жұмыс тоқтап тұрғанын және техниканың жоқтығын айтуда. Әкімдікте оның себебін түсіндірді.
15 шілде 2021, 15:32
346
Тұрғындар балабақша маңың қоқыс алаңына айналдырған
Виктор Лысенко соңғы 5 жылда №111-ші балабақшаның аумағын тазалаумен айналысып келеді. Айтуынша, бұрын мекеме қызметкерлері үнемі сенбілік ұйымдастыратын. Эпиджағдайға байланысты қазір оған тыйым салынған. Ер адам күнде өзіне тиесілі аумақты жинап отырады. Алайда, келесі күні жақын көпқабатты үйдің тұрғындары қайтадан қоқыс шашып кетеді екен.
15 шілде 2021, 15:15
294
Ақыл есі кем ер адам машинаны ұрлап кетіп, екі рет аударылған
Рината Валиахметованың айтуынша ол көлігін бір жыл бұрын сатып алған. Содан бері оны бауыры теуіп жүрген. Өзім босанған соң жүргіземін деп жоспарлапты. Сол күні бауыры Ленин кентінен шыға берістегі шағын дүкен жанына су алу үшін тоқтаған.
15 шілде 2021, 14:58
440
Павлодар облысында дәрігерлерге екпе салу паспорттарын қолдан жасаған деген күдік ауып отыр
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірге Павлодар қаласындағы емханалардың бірінің жұмыскерлерін ұстады. Оларға вакцинация паспортын жасады деген күдік ауып отыр.
14 шілде 2021, 18:03
386
Валентина Жумагазиева Қазақстан электролиз зауытындағы жұмысын тағдырым деп санайды
Қазақстан электролиз зауытында өнімнің жоғары сапасына басымдылық беріледі. Олар қанатты металл шығармас бұрын түпкілікті тексерістен өтеді. Алюминийді бірінші болып Валентина Жумагазиева бағалайды. Ол 12 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан электролиз зауытында жұмыс істейді. Өнім сапасы оған байланысты. Ол Қазақстан электролиз зауытының тауары әлемдік нарықта баяғыда мойындалып, өз деңгейін ұстап тұрғанын мақтанышпен айтады.

Сауалнама