Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ
12 шілде 2021, 14:18
340
Мектепке құжаттарды 1 тамызға дейін тапсыру қажет
Баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналар мектептерге құжаттарды 1 тамызға дейін тапсыруы тиіс. Бұл оқулықтар санына тапсырыс беруге және мектеп қабырғасында дайындық курстарын ашуға үлгеру үшін қажет деп мәлімдеді білім бөлімінде. 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 3200 оқушы тіркеліп үлгерген. Негізі 6 мыңнан астам бала биыл мектеп табалдырығын аттайды деген жоспар бар. Сонымен қатар білім беру бөлімінде қазір 3 те 1 принципі жұмыс істеп жатқанын айтты.
09 шілде 2021, 16:34
334
Металлмен жұмыс тәртіпті талап етеді және шыңдайды
Металлургтер күні қарсаңында «Ирбис» телекомпаниясының эфирінде от жалынның ортасында жұмыс істеп жүрген шеберлер туралы сюжеттер сериясы көрсетіледі. Әмір Қамиев Қазақстан элеткролиз зауытындағы ең жас қызметкерлердің бірі. Шілде айында оның өндірісте тер төккеніне 4 жыл. Сол себепті ол үшін екі мереке. Ол құюшы болып жұмыс істейді. Бүгінде ол Қазақстан Электролиз зауытын екінші үйім деп атайды. Ал ұжым менің отбасым дейді.
09 шілде 2021, 15:37
298
Өзіне-өзі қол жұмсаған тәртіп сақшысы бейнежазба қалдырған
Ақсулық полицей Аспандияр Айтқазинді туысқандары жақында жер қойнына тапсырды. Естеріңізге сала кетсек, тәртіп сақшысын бөлімше гаражында асулы тұрған күйінде тапқан болатын. Туысқандары болса оны жұмысындағы қоқан лоққы өзіне қол жұмсауға итермелеген деп болжайды. Оған өлім аузындағы жазған бейнежазба дәлел дейді.
09 шілде 2021, 15:24
310
Тігін шеберханасына от қойған адамды тапты
Павлодарда тігін шеберханасының иесі Лариса Выдрина бұған дейін ателье орналасқан телімге әлдекімдер қызығушылық танытып жүргенін әрі қорқытқанын айтқан еді. Он жыл бойы құқық қорғау орындарына бірнеше рет жүгінгенімен іс сотқа жетпеген. Қазіргі таңда от қойды деген күдіктіні анықтапты. Ол бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Алайда оны қоя беріпті.
09 шілде 2021, 15:10
340
«Достық» мөлтекауданындағы үйлердің қашан тапсырылатыны белгісіз
«Достық» мөлтекауданындағы көпқабатты үйлердің тапсырылуын күтіп отырған адамдар онда жақын арада көше алмайды. Бұған дейін әкімдікте шілденің оны күні баспана кілті тұрғындарға тапсырылады деген болатын. Алайда рәсімдеу жұмыстары әлі аяқталмаған.
08 шілде 2021, 17:59
340
Аймағымызда екпе алушылар саны күрт артқан
Халық арасындағы мұндай белсенділікті санитарлық дәрігердің шілденің 15-нен бастап екпе алмаған адамдарға жұмыс істеуге шектеу салу туралы қаулысымен байланыстырады.
08 шілде 2021, 15:18
245
6 жылдан бері футбол алаңын сұрап келген павлодарлықтарға әкімдік жауап берді
Назарбаев даңғылындағы №157-ші және жақын маңайдағы бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары аулаға шағын футбол алаңын орнатуды сұрайды. Адамдардың айтуынша, жазғы уақытта балалар ойнайтын жер жоқ.

Сауалнама