Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ
10 наурыз 2021, 17:31
103
Павлодарда екі тәртіп сақшысына қомақты айыппұл салды
Естеріңізге сала кетейін, полицейлерді алаяқтық жасауға әрекеттенді деп айыптады. Біреуіне пара алуға итермелеу бойынша кінә тақты. Олар телефон ұрлады деген күдіктінің әкесінен ақша талап еткен. Ер адам қажетті соманы тез тауып, бір бөлігін беріп тастаған, кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданады.
10 наурыз 2021, 12:20
487
Тереңкөл ауданындағы табыншы қараусыз жылқы үшін жазаланды
-Ағымдағы жылдың 7-наурызында Тереңкөл ауданының полициясына Ивановка ауылы маңындағы "Тереңкөл-Михайловка" автожолының 20 шақырымында жылқы табыны бақташысыз және қараусыз жүргені туралы қоңырау түсті. Учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Жаяубаевтың ұйымдасқан жедел әрекеті барысында табыншы лезде анықталды. Мал иесі мен табыншының арасында келісім бар екені белгілі болды. Бұл күні табыншы жылқыны бағуға тиіс болғанымен жануарларды қараусыз қалдырған. Жылқылар жолға шығып, тәуліктің қараңғы уақытында жолда төтенше жағдай туғызды. Осылайша жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төнді,- деді Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
09 наурыз 2021, 18:17
114
Павлодарлықтар тыл ардагеріне мерекеге орай ерешке сыйлық жасады
Қайырымды жандар тыл ардагері Зинаида Совельеваға кереует сыйлады. Естеріңізге сала кетейін, төсек тартып жатқан І топ мүгедегіне қызы медициналық матрас пен жайлы төсек сұраған болатын.
09 наурыз 2021, 16:23
93
Мүгедек рецидивисті сегіз жылға абақтыға қамады
Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылдың қыркүйегінде ер адам өзін полицейлер соққыға жықты деп бейнежазба түсірген еді. Оқиға Баянауыл ауданы ауылдарының бірінде орын алды. Ал, тәртіп сақшылары оны ұстамақ болғандықтарын айтып ақталған еді.
06 наурыз 2021, 12:59
382
Павлодарда қарақшылық жасады деген күдікті ұсталды.
Павлодар облысы ПД берген ақпаратқа сәйкес қарақшылық жасаған адамды ізін суытпай ұстаған. Наурыздың 1-і күні қаладағы дүкендердің бірінен ер адам күш қолдана отырып сатушыдан 120000 теңге көлемінде ақшаны алып кеткен.

Сауалнама