15 маусым 2021, 17:30
884
"Поп-ит" және "симпл-димпл" балалар үшін қаншалықты қауіпті?
Антистресс ойыншықтарының өндірушілері Қазақстанда өз сатылымын 13 есе арттырған. Ата-аналар бұлардың пластикалық және резеңке түрлерін сатып алып, балаларын қуанту үшін қаражатын аямайды. «Поп-ит» деген атаумен белгілі антистрессті павлодарлық аулада ойнап жүрген әрбір екінші баланың қолынан байқауға болады. Резеңке әрі түрлі-түсті модельдер дүкен сөрелерінде толып тұр. Мәселен, ірі желідегі сатушылардың бірінің айтуынша күн сайын осындай екі жүзден астам ойыншық сатылып кетеді екен. Біз ойыншықтардың бала психологиясына әсері бар ма екенін мамандардан сұрап көрдік. Сарапшылардың айтуынша, ойыншықтар емес, баланың оған неліктен қызығушылық танытқаны қауіпті көрінеді.